Мемлекет басшынысың Құрылтайдағы құнды сөздері

0
30

 

Мемлекет басшысының Құрылтайдағы құнды сөздері басталды. Онда ол еліміздегі әртүрлі маңызды мәселелерді тілге тиек етуде. Әсіресе руханият тақырыбына көбірек тоқталды.

“Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу”

“Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек.

Және тілімізді дамыту тетіктері жөнінде де ой-пікірімен бөлісті.

“Осы тұста, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» туралы ерекше атап өткім келеді. Қазір Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы бастаған жаңа буын өкілдері ұйым тізгінін қолға алды. Мен қоғамның «Qazaq tili» эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдадым. Осы жақсы бастаманы қолында қаржысы бар азаматтар жалғастырып әкетті. Тілімізге қамқорлық танытқан жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Қалталы, жанашыр азаматтар қорды ұлғайтуға үлес қосады деп сенемін”-деді.

«Соңғы жылдары құрылысқа қажет деген желеумен кейбір жәдігерлеріміз бүлініп жатыр»

Мемлекет басшысы құзырлы органдарға тиісті шара қабылдауды тапсырды.

«Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек. Құзырлы органдарға тиісті шара қабылдауды тапсырамын. Қажет болса, заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырған жөн»,-деді Президент.

“Politico” сілтейді


ПІКІР ЖАЗУ