Мердігерлер жол сапасына қанша жыл кепілдік беруге ниетті – Көлік министрлігі жауабы

0
24

 

Ведомствоның атап өтуінше, мердігер жол құрылысын аяқтап, тапсырыс беруші жұмыстарды қабылдағаннан соң, тапсырыс беруші мен мердігердің арасында жасалған келісім шартқа байланысты кемінде 2 жыл кепілдік мерзімі тағайындалады.

«Кепіл мерзімінде мердігер анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстарды кешіктірсе, тапсырыс беруші сотқа шағым түсіреді. Бұған қоса, кепілдік мерзімі аяқталуға жақын уақытта кемшіліктер мен ақаулар анықталса, тапсырыс беруші кепілдік мерзімін тағы да 2 жыл мерзімге ұзартуға құқылы»,- деп нақтылайды министрліктен.

 


ПІКІР ЖАЗУ