Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталды деген ақпарат тарады

0
18

 

Ақпаратты Ермұрат Бәпи Facebook парақшасында хабарлады.

Үкім Назарбаевтың немере інісінің тергеуге белсенді түрде көмектесіп, іс жүзінде мәміле жасағанымен түсіндіріледі. Ол арқылы көптеген фактілер белгілі болған. 

Бәпи бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмағанын айтып, сот шешіміні әлдекімдердің әсер еткенін айтады.

“Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер «8 жыл» деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл «комедияның» басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай”, — дейді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ