Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

0
32

Ақорда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновтің жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген ресми құжатта.

Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.


ПІКІР ЖАЗУ