Вице-министр су тасқынына неге дайын болмағанын түсіндірді: Ал министр отставкаға кете ме

0
19

 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов әдетте, су тасқыны өзен арнасынан асқаннан пайда болатынын, ал бес өңірдегі жағдай мүлдем басқа екенін айтты. 

“Су тасқыны болып жатқан қалған бес аймаққа су өзендерден емес, даладан келіп, көтерілді. Шындығына келсек, ол жақтан су келеді деп ешкім күткен жоқ. Яғни, су даладан келді. Желтоқсан айында көптеген өңірлерде күн райы жылы және жауын-шашын көп болды. Осыған байланысты даладағы жер мұз болып қатып, әлі еріп біткен жоқ», – деді Сыздықов.

Сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрі “отставкаға кетесіз бе” деген сұраққа жауап берді. Министр алдында қазір жағдайды ушықтырып алмау міндеті тұрғанын нақтылады. 

“Шешім су тасқыны шараларын ескертуге байланысты жұмысымызға қарай қабылданады. Сізге жауап бердім, келесі сұраққа көшіңіз”, – деді министр.

 


ПІКІР ЖАЗУ