Ресейде соңғы жүз жылда болмаған су тасқыны орын алуда

0
13

 

Ресейде соңғы жүз жылда болмаған сұмдық алапат су тасқыны болып жатыр. Орынбордың тарихында бұндай жойқын су басу тіркелмепті. Дәл қазіргі сәтте Орынбор облысында су басқан үйлердің саны 6,3 мыңға жуық, Орскіде 4,5 мың үйге дейін өсті, деп хабарлады РФ жедел қызметтері. Облыста 4 адам суға кетіп қайтыс болған. Бірақ, жергілікті билік екеуі инфарктен, біреуі суицид жасап өлсе,біреуі өз ажалынан өлген деп отыр.

Тасқынның қатты болғаны сонша, облыстағы кейбір жолдарды 15-ші сәуірге дейін жауып тастаған.

Орынбор облысындағы Урал (Жайық) өзенінің деңгейі 11 метрге жетті. Башқұртстан мен Челябі облысынан Ириклинское су қоймасына еріген қар суының ағыны аздап азайды, бірақ әлі де рекордтық көрсеткішті ұстап тұр. Сол себепті қоймадан су ағызудың көлемі азаймайды – секундына 2170 текше метр. Сорочинское су қоймасында су ағызу секундына 690-дан 650 текше метрге дейін төмендеді. Су ағыны – секундына 643 текше метр.

Орск қаласында жаппай кран суынан улану жағдайлары тіркелді. Екі күн ішінде 18 адам ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық ем алуда. Науқас адамдардан 2 типті норовирус анықталды.

Орскіден басталған дүрбелең қазір Орынбормен жалғасуда. Түнде облыс орталығының орталық жағажайын су басты. Бүкіл станциялар штаттық режимге көшірілді.

Оңғар Қабден


ПІКІР ЖАЗУ