Алматыда бір күннің ішінде 27 қылмыс тіркелген

0
15

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, іс-шараның бірінші күні алдыңғы саптағы және жедел полиция бөлімшелері  27 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 14 қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.

Атап айтқанда 25 ұсақ бұзақылық, 102 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 68 тыныштықты бұзу, 52 кәмелетке толмағандардың кеш уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруі, 154 тіркеусіз тұру және т.б. Сондай-ақ, қала жолдарында мас күйінде көлік айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, – делінген қалалық полиция мәліметінде.


ПІКІР ЖАЗУ