Қазақтың ұлттық киімі Лондон жұртшылығын тәнті етті

0
21

Лондонда 17 мемлекет өкілінің салт-дәстүрлері мен мәдениеті паш етілген шара болып өтті. Шетелдік көрермен назарына қазақтың ұлттық киімдері де ұсынылды. Көрсетілімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің және «Қазфэшн Париж» француз қауымдастығының қолдауымен ақтөбелік дизайнер де қатысты

Сабина Наурызалина 15 жылға жуық уақыттан бері ұлттық киім тігумен айналысады. Өз өнімдерін 2 чемоданға салып, Ақтөбеден Лондонға жалғыз келген.

Әшекей бұйымдары мен сәнді сөмкелерін қоса есептегенде қолмен кестелеп тігілген әр көйлегінің салмағы әжептәуір.

Қалыңдық сәукелесінің өзі 6 килограмм тартады. Шетелдік көрерменге ұсынған топтамасы «Наурыз» деп аталады.

Ұлттық киімдерден бөлек күнделікті өмірде киюге арналған сәнді көйлектері де бар.

«Батысқазақстандық ұлттық киімдердің басты ерекшелігі, әлбетте, оюларында. Гүл формасындағы суреттер көптеп кездеседі. Қанық қою түстер де ерекше әр беріп тұр. Әр костюмге сәйкесінше әшекей бұйымдарды да таңдадық. Қыз баланың ажарын аша түсетін сырға, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын шашбауы да бар», — дейді дизайнер Сабина Наурызалина.

 


ПІКІР ЖАЗУ