СҚО-да прокурорлардың қадағалау актісін елемеген лауазымды тұлғалар жазаланды

0
24

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қадағалау актілері бойынша тиісті шара қолданбағаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ведомствоның мәліметінше, қадағалау органы жыл басынан бері прокурорлардың актілері бойынша әрекет етпеген мемлекеттік органдардың үш басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мәселен, Жамбыл ауданының әкімдігі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнамада жіберілген олқылықты жою бойынша шаралар қолданбаған.

Осындай фактілер Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде және Ақжар ауданының білім беру бөлімінде анықталды. Олар да прокурордың ұсынысы бойынша заңбұзушылықтарды жою шараларын қолданбаған. Осылайша бұл мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қадағалау органының қаулысы бойынша Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары және Петропавл қаласы мен Ақжар ауданының бөлім басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


ПІКІР ЖАЗУ