Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция туралы: Мені қорқытып жатқан адамдар бар

0
25

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция жөнінде пікір білдірді.

«Утильалымға қатысты мәселені шешу үшін заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Мен TikTok желісінде бірнеше видео мен пікірді көрдім, мені қорқытып жатқан адамдар бар. Менің айтарым — әр мәселені, қоғамның проблемаларын заң аясында шешуіміз керек. Ал петиция 50 мың қол жинаса, оны қараймыз», — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрге «Мемлекет басшысы утиль алымын алып тастау жөнінде шешім қабылдаса, сіз қарсы боласыз ба?» деген сауал қойды.

«Әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Халықтың наразылығын жақсы түсінеміз, алайда қоғамның өзге өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз ба? Қазір өнеркәсіпті қорғау мен сақтауды 10 мыңнан астам адам қолдап отыр. Олардың пікірін не істейміз? Менің ойымша, петиция механизмі нақты демократияның көрсеткішін көрсетіп отыр ғой», — дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ