Халық жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын сата алуы мүмкін

0
24

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасын пайдалану
туралы заңды талқылады

Заң бойынша, қуаттылығы 200 киловаттқа дейінгі «жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға арналған шағын көлемді нысан» деген жаңа түсінік енгізілетін болады.

Заңның мақсаты – халықтың, шағын және орта бизнестің, шаруа және фермер қожалықтарының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануын ынталандыру болып табылады.

«Заңға сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар таза тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу және оларды электр желісіне қосу жөніндегі міндеттемесі заңнамалық түрде бекітіледі. Таза тұтынушылар өз кезегінде электр энергиясын шағын гидро электростанциялардан 10 МВт-қа дейінгі шекті тариф бойынша сату құқығына ие болады», делінген хабарламада.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.


ПІКІР ЖАЗУ