Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Мәскеуді басып озды

0
24

Оксфорд Экономикс аналитикалық компаниясы әлемдегі ең ірі 1000 қаланың жаһандық индексін жариялады. Бүгінде әлем халқының 30 пайызы, сондай-ақ әлемдік экономиканың 60 пайызға жуығы ірі қалаларға тиесілі.

Жаһандық рейтинг бойынша, көшбасында:

— Нью-Йорк (АҚШ)

— Лондон

— Сан-Хосе (АҚШ)

— Токио

— Париж

— Сиэтл (АҚШ)

— Лос-Анджелес (АҚШ)

— Сан-Франциско (АҚШ)

— Мельбурн (Австралия)

— Цюрих (Швейцария) тұр.

Сарапшылар атап өткендей, жаһандық қала индексі оған Қазақстанның 3 мегаполисі: Алматы, Астана және Шымкент кіретіндігімен ерекшеленеді.

Алматы мен Астана, Оксфорд Экономикс сарапшыларының бағалауы бойынша, үздік 300 қаланың қатарына еніп, 305-орында тұрған Ресей астанасы Мәскеудің алдына шықты.

«Мысалы, Алматы адам капиталы бойынша 55-ші орында болса, Мәскеу 115-ші орында. Сонымен қатар, Оксфорд Экономикс мамандарының бағалауынша, Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Ресей астанасын басып озды», — деп атап өтті Экономикалық зерттеулер институты.

Индекстерді есептеуде барлығы 27 көрсеткіш қолданылады. Мысалы, ауа тазалығы, температура, жауын-шашын ауытқулары, экология жағдайы, табиғи апаттар сынды критерилермен анықталады.

Адами капитал келесі көрсеткіштерден қалыптасады: білім деңгейі, халықтың өсімі, университеттер, халықтың жас ерекшеліктері, компанияның штаб-пәтері, шетелде туған халық.


ПІКІР ЖАЗУ