Онкологиялық ауруды емдеуге бөлінетін қаражат қысқарады

0
111

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық шығарып, 20% азайтатын болды. Шешім 11 маусымда күшіне енеді,-деп хабарлайды politico.kz

Алайда мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов министрлік ешқандай талқылаусыз бұйрық шығарғанын айтып, наразылығын білдірді. 

“Бұл қанша адам өмірі мен тағдыры. Шенеуніктердің үстірт ақпараттарынан басқа қандай ғылыми негіз бар? Неліктен мұндай маңызды шешімдер жан-жақты зерттелмей, бір мезетте қабылданады? Қатерлі ісіктен ешкім сақтандырылмаған. 

Өткен жылы кешенді жоспар бекітілді, мақсатты препараттардың тізімі кеңейтілді, құрал-жабдықтар сатып ала бастады. Енді министрлік шешім қабылдапты. Бұл дені дұрыс шешімге қайшы. Қорқынышты аурумен бетпе-бет келгендер бұл эмоцияны жақсы түсінеді”, — деді депутат. 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ