Желіде алаяқтар Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының бірге түскен суретін пайдаланып жатыр

0
43

Әлеуметтік желілерде алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы жарнама тарады. Ол үшін 48 сағат уақыт қажет екен. Бұл фейк, деп жазады Stopfake басылымы.

Басылым мәліметіне сүйенсек, алаяқтар адамдарды тарту үшін жалған фотосуретті пайдаланған. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген және «Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды» деп жазылған. Шындығында, бұл фотосурет Қазақстан президентінің ресми сайтынан алынған.

Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 74-сессиясында Антонио Гутерришпен кездесіп, Қазақстан мен БҰҰ одан әрі практикалық өзара іс-қимылының перспективаларын талқылаған.

Жарнамада алаяқтар өтінімді толтырып, маманның қоңырауын күтуіңізді сұрайды. Белгісіз сайттарда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн. Осылайша, сіз өзіңіз жайлы ақпаратты қалдырасыз, ал алаяқтар оны өз мақсатында пайдалануы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ