Мәдениет министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайында мәлімдеме жасады

0
31

Хабарлама министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды. Онда «E-Petition.kz» ресми порталында «Біз Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинағаны айтылған.

«ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», — делінген хабарламада.

Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырмақ. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 


ПІКІР ЖАЗУ