Қазақстанда орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

0
27

Ұйымды құру туралы қаулы Ашық НҚА сайтында жарияланған. Аталған қаулыға қосымша ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей президенті қол қойған шарт бекітілген,-деп хабарлайды politico.kz

Халықаралық ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Дегенмен үлестік жарнаның мөлшері нақтыланбаған.

Ұйымның ресми және жұмыс тілі – орыс тілі. Ұйымды бас хатшы басқарса, ал хатшылық Ресей Федерациясының Сочи қаласында орналаспақ.

 


ПІКІР ЖАЗУ