Дәрігерлердің жалақысы неге аз? – Денсаулық сақтау министрі жауап берді

0
24

Мемлекеттік емхана мен қалалық ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы неге аз? БАҚ тарапынан қойылған сұраққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді,-деп хабарлайды politico.kz

Расында, жалақы мөлшеріне қатысты сұрақтар жоқ емес. Жалпы, үш жылда айлық екі-екі жарым есе көтерілді. Алайда қазіргі таңда жеке сектордың тез дамуына байланысты олар да дәрігерлердің тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Соған байланысты тәжірибесіне қарамастан, дәрігерлерге барлық жағдайды жасауда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің әрине, айлықтары бәсекеге қабілетті емес деп айтуға болады, — деді Әлназарова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің шешімі қандай?

Біріншіден, президент тапсырмасы аясында 3 жыл сайын 30 пайызға, 3 жылда 100 пайызға көтерілген айлықтың бағдарламасына сәйкес, тиісті жұмыстарды жалғастырғалы отырмыз. Екіншіден, емханада жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің жүктемесі көп. Сондықтан тиісті коэффиценттерін алуға байланысты: ынталандыру коэффиценті деген бар. Біз соны қазір қайта қарап жатырмыз. Екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың сапасына байланысты тиісті коэффиценттері көбеймек, — дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ