600-ге жуық қазақстандықтың шетелдік есепшотындағы ақша жайлы мәлімет алдық — Ержан Біржанов

0
26

600-ге жуық қазақстандықтың шетелдегі есепшотына қатысты мәлімет алынды. Бұл жайында Jibek Joly телеарнасының «Қайтарылуы тиіс» деректі фильмінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты,-деп хабарлайды politico.kz

Оның атап өтуінше, қазақстандықтардың шетелдегі қаржылық операцияларына қатысты мәлімет алу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде Қазақстан Страсбург конвенциясына қосылды. Оған сәйкес, мемлекеттер өзге елдің резиденттерінің қаржылық операцияларымен алмасады. Яғни, біз бүгінде 600-ге жуық қазақстандықтың деректерін алдық — олардың қай елде және қандай мәміле жасағанын, шетелдік есепшотына қанша қаражат түскенін біліп отырмыз. Мұның үстіне осы 80 елдің оффшорлық юрисдикциясы бар екендігін айта кеткім келеді және жыл сайын аталған конвенцияға қосылып, дерек алмасатын елдердің саны артып келе жатыр. Яғни, барлық ел тазарғысы, шынайы, таза табысты көрсеткісі келеді. Бүкіл мемлекеттер алаяқтық, капиталды жылыстату фактілерін тыйып жатыр. Бұл — жалпыәлемдік тенденция», — дейді вице-министр.


ПІКІР ЖАЗУ