Қазақстан Интерполдың «Күміс бюллетень» жобасын енгізбек — Нұрдәулет Сүйіндіков

0
18

Оның атап өтуінше, аталған жобаның арқасында шетелдегі активтерді тиімді қадағалауға мүмкіндік туындайды,-деп хабарлайды politico.kz

«Егер бұған дейін адамға карточка қойылса, ендігі уақытта бұл карточка активтерге орнатылатын болады және де сол активті бүкіл әлем бойынша өзінің шараларымен індетіп отырады. Интерполдың бұл жобасы „Күміс бюллетень“ деп аталады. Ол біртіндеп енгізіледі және біз, Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті аталған жобаны жүзеге асыратын жұмыс тобында өзіміздің жеке мүшелігімізді алдық. Дәл қазір біздің өкіліміз Еуропада жүр. Еуропа кеңесі бізге барып, екі елдің — Швейцария мен Бельгияның активтерді қайтару жөніндегі тәжірибесін зерделеуге көмек көрсетті. Бүгінде шетелден қайтарылған активтерге қатысты цифр — шамамен 700 млн доллар», — деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

 


ПІКІР ЖАЗУ