«Арманы – ұлды болу». Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың басты өкініші туралы айтты

0
588

Сазгер, әнші Роза Әлқожа Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қал-жағдайын сұрап барды, деп хабарлайды politico.kz.

Әлқожа өнердегі ағасының үйіне сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжанмен бірге барғанын тілге тиек етті. Бұдан бөлек ол Өнер иесі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып қалып, бүгінде пәтер жалдап тұрып жатқанын алға тартты. Жасы 87-ге толған халық әртісінің басты арманы туралы да сөз қозғады.

Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға «жер үй сатып алсам» деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен. Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой. Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы ұлды болу екен. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса, бәрі де болар… – деп жазды эстрада жұлдызы.

Ал оқырман қауым аңыз әншінің арманының тезірек орындалуына тілектестік білдірген.

Фото: instagram.com/roza_alqozha


ПІКІР ЖАЗУ