"10 мыңға жуық": Қазақстанда интернет-алаяқтық көбейіп кетті
517
2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 10 мыңға жуық онлайн алаяқтық оқиғасы тіркелді. Көбінесе азаматтар тауарларды интернет арқылы сатып алу кезінде алданған,-деп хабарлайды politico.kz
Қазақстанда интернет-алаяқтардың белсенділігі артып келеді. Telegram-дағы Data Hub арнасының сарапшылары атап өткендей, биы 6 айда Қазақстанда онлайн-алаяқтықтың 9 936 оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Шындығында мұндай фактілер әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. Статистика тек тіркелген жағдайларға, яғни жәбірленушінің полицияға хабарласуына қатысты алынған. Алаяқтар маркетплейстер мен интернет-аукциондарды және онлайн жарнамаларды белсенді түрде пайдаланады, яғни олар ақшасын алып, сатып алушыларға тауарын бермей алдайды. Алты айда осындай 2417 жағдай тіркелді. Одан кейінгі орында фишинг – алаяқтар өздерінің құрбандарының құпия ақпаратын "аулайды", содан кейін оны өз мақсаттары үшін пайдаланады, мысалы, онлайн-банкингке кіру үшін. Барлығы мұндай 2393 жағдай тіркелді. Өңірлер бойынша интернет-алаяқтықтың ең көп оқиғасы Астанада (2204 жағдай) тіркелсе, Алматы екінші орында (1048 жағдай) тұр. Осылайша, қазақстандықтардың интернеттегі қауіпсіздігін есте сақтауы маңызды. Күмәнді сайттарға кірмеген жөн және онда құпия ақпарат қалдырмау керек. Онлайн сатып алу кезінде сатушыларды мұқият таңдап, олар туралы қандай пікірлер бар, соны оқу қажет, сонымен қатар бейтаныс пайдаланушылардың бейнеқоңырауларын қабылдамаған дұрыс.Соңғы жаңалықтар
12.05.2026
17:41
Жетісу облысында полицейді шапалақпен тартып жі...
12.05.2026
17:29
"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір М...
12.05.2026
16:24
"Сахнамен қоштасамын": Роза Рымбаева күтпеген м...
12.05.2026
16:05
Талғарда тағы да трагедия: әкесінің басына дұға...
12.05.2026
15:29
«13 млн теңге айыппұл»: Елімізде қандай бақбақт...
12.05.2026
15:08
Әнші Luina екінші рет ана атанады