«15 350 теңге»: Шарын шатқалындағы шай мен бауырсақтың бағасы дау болды
Шарын шатқалындағы мейрамханалардың біріндегі баға әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Arasha.kz-ке сілтемемен.
Демалуға барған қазақстандық келуші қарапайым шай мен бауырсаққа төлеген сомасын жариялап, ішкі туризмдегі баға мәселесін көтерді.
Видеода автор үш шәйнек шай мен екі порция бауырсақ үшін 15 350 теңге төлегенін айтады. Оның пікірінше, мұндай баға саясаты Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ол қоғамдық тамақтану орнының басшылығын баға саясатын қайта қарауға шақырған.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты екіге жарылды. Бірі туристік аймақтарда қызмет көрсету құны жоғары болатынын айтып, мұндай бағаны қалыпты деп санаса, енді бірі шай мен бауырсақтың мұндай сомаға сатылуын негізсіз деп бағалады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
09:21
Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
23.10.2026
09:10
«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы ...
23.10.2026
08:50
Тоқаев композитор Алтынбек Қоразбаевты марапаттады
23.10.2026
03:55
Кіші дәрет, кіші жаза: Астанада ер адам 10 тәул...
22.10.2026
22:05
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған ж...
22.10.2026
18:07
Шымкентте 4,8 миллиард долларлық 22 құжатқа қол...