19 жастағы жігіттің өліміне күдікті екі жасөспірім ұсталды
Қостанай облысында екі жасөспірім адам өлтіру күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Рудный қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен 19 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары шамамен 17 және 18 жастағы екі жасөспірімге іздеу жариялаған. Олар 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген. Кейін күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары басталды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қылмысқа қатысы бар тұлғалардың бірі подъездегі «ақылды» домофон алдында ұзақ уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалғаны көрінеді. Көп ұзамай камера күдіктілердің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәтін тіркеген. Ал біраз уақыттан кейін үйдің алдына жедел жәрдем көлігі келгені байқалады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар