20 триллион теңгеге тексеру: Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

20 триллион теңгеге тексеру: Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
17.07.2025 12:27
0
169
Ақорда

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, мемлекеттік аудит саласындағы соңғы жұмыс нәтижелерімен танысты.

Смайыловтың мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы көлемі 20 триллион теңгені құрайтын 12 мемлекеттік аудит жүргізілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге көп. Тексеру жұмыстарының негізгі бағыты орта білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық даму, энергетика және спорт салаларын қамтыған.

Аудит нәтижесінде Үкімет пен тексерілген мекемелерге 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым беріліп, 20 дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Кездесуде Президентке Жоғары аудиторлық палатаның заңнамалық бастамалары да таныстырылды. Соның ішінде, енді палата бюджеттен тыс қорларды тексеруге құзыретті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық қор қаржысының жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның жұмысы қайта құрылып, бақылау мен ашықтықты күшейту көзделуде.

Сондай-ақ, Смайылов жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындарына қойылатын талаптар күшейтіліп, тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау кеңейтілетінін айтты.

Президент мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруды тапсырды. Ол үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, артық шығындарды азайту және ұлттық байлықты ұтымды пайдалану қажет екенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий