"7 жыл бойы қорлық көрсеткен". Өз қызын зорлап келген ер адамға кастрация жасалатын болды

09.10.2025 13:12
0
1274
Ашық дереккөз

Талдықорғанда өз қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

15 жастағы қызға азғындық жасаған ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Сот оған химиялық кастрация жасауға үкім шығарды.

Қылмыс биыл жазда әшкереленді. Жәбірленушінің анасы бұл оқиғаны қызынан естіген. Қыз әкесінен 7 жыл бойы зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген. Сотта 39 жастағы ер адамның өзінің тұңғыш қызына сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны толық дәлелденді.

«Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, химиялық кастрация жасауға шешім шығарылды. Орта білімді, жұмыссыз ер адам – 4 баланың әкесі. Оған өмір бойы педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынды», – деді Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий