"70 жасқа толар еді": Мақпал Жүнісова марқұм Мадина Ералиеваны еске алды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Мадина Ералиеваны еске алып, желіде мұрағаттық видеоны жариялады.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Мадина Ералиева өнер көрсетіп жатқан видеоны жариялап, оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі марқұм әншінің артында қалған ұлына ақ тілегін жолдады.
"Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояйық, артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын", - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, танымал әнші Мадина Ералиева 2000 жылы 27 қарашада Қызылорда облысының Майлыбас қиылысы маңындағы Арал-Ташкент тас жолында жол апатынан қайтыс болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...