75 миллион теңгенің нысаны мемлекетке қайтарылды

24.11.2025 15:18 Арман Ермеков
75 миллион теңгенің нысаны мемлекетке қайтарылды
0
94
Фото: freepik.com

Бас әскери прокуратураның араласуымен заңсыз жекешелендіріліп кеткен стратегиялық нысан қорғаныс ведомствосының балансына қайта өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Сарыөзек гарнизонында болған. Әскери прокурорлар жүргізген жоспарлы тексеріс барысында мемлекеттік мүліктің қолды болғаны әшкереленді.

Анықталғандай, жергілікті жер комиссиясы мен жер қатынастары бөлімі заң талаптарын белден басып, әскери бөлімге тиесілі теміржол тұйығының бір бөлігін коммерциялық құрылымға, яғни жеке кәсіпкерлерге сатып жіберген. Сатып алу-сату шарты негізінде жасалған бұл келісім стратегиялық нысанның бөтеннің иелігіне өтуіне әкеп соққан.

Бұл заңсыздықты тоқтату мақсатында қадағалау актісі енгізіліп, әскери бөлім өкілдері Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. Олар соттан жекеменшікке беру туралы шешім мен келісімшартты заңсыз деп тануды сұрады.

Заң өкілдері прокурорлар мен әскерилердің уәжіне құлақ асып, талап арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімімен нарықтық құны 75 миллион теңгеден асатын теміржол инфрақұрылымы Қорғаныс министрлігінің меншігіне қайтарылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий