«88 миллион тапқан»: Ұлттық экономика министрінің әйелінің табысы жұртты таңғалдырды

04.03.2026 20:00 Қарақат АСЫЛОВА
«88 миллион тапқан»: Ұлттық экономика министрінің әйелінің табысы жұртты таңғалдырды
432
Фото: Zakon.kz
Шенеунік емес, жұбайы көп табыс тапқан

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұбайының декларациясында көрсетілген қомақты қаражаттың шығу төркініне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Alash.kz-ке сілтемемен.

2024 жылғы салық кезеңінің қорытындысы бойынша министр отбасының жалпы табысы 88 678 984 теңгені құраған. БАҚ өкілдері министрдің жұбайы Сания Садықованың мұндай соманы қалай тапқанына қатысты нақты түсініктеме беруін сұрады.

Ведомство басшысы өз кезегінде заң талаптарын толық орындағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, декларацияны жариялау – ашықтықтың белгісі, әрі жасыратын ештеңе жоқ. Министр қолданыстағы заңнамада тек табыс туралы құжаттарды тапсыру және жариялау міндеттелгенін, өзі сол талаптар аясында әрекет еткенін атап өтті.

Журналистер қоғамда мемлекеттік қызметкерлердің жұбайларының табысына қатысты күмән жиі туындайтынын алға тартты. Әсіресе шенеуніктердің отбасы мүшелері өздерінен де көп табыс табатын жағдайлар қоғам назарын аударатыны айтылды. Осыған байланысты БАҚ өкілдері табыстың жариялануы ғана емес, оның нақты қайдан келгені де маңызды екенін жеткізді.

Бұл сауалға жауап берген Серік Жұманғарин:

«Егер мұндай талаптар заңда қарастырылса, ақшаның шығу төркінін түсіндіруге дайынмын», — деді.

Декларация мәліметтеріне сәйкес, көрсетілген табыс бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялардан түскен. Атап айтқанда, қаражат дивидендтер мен сыйақылар түрінде Сания Садықованың атына рәсімделген.

Қазіргі таңда бұл ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ал министр барлық дерек заң аясында ашық көрсетілгенін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий