«Абысын тату болса – ас көп»: Елдостың жұбайы Таңшолпан абысындарымен түсірген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

12.12.2025 11:05 Айсұлу Мұрат
«Абысын тату болса – ас көп»: Елдостың жұбайы Таңшолпан абысындарымен түсірген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
0
67
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде танымал блогер Елдос Кәдірхановтың жұбайы Таңшолпан Шотаева абысындарымен бірге түсірген көтеріңкі көңіл-күйдегі видеосын жариялап, көпшіліктің жылы лебізіне бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Жазбада олар кең жайылған дастархан басында бас қосып, Елдос пен Таңшолпанның тұңғышы Әлемнің қырқынан шығару рәсіміне әзірленіп жатқанын көрсетеді. Отбасылық жылылыққа толы видео көптің жүрегіне тиді.

Таңшолпан абысындарына әзілдеп:
«Үш басты айдаһар болып жүре беріңіздер», – деп қалжыңдаған.

Бұл сәтті желі қолданушылары жылы қабылдап, түрлі пікірлер қалдырды:

«Уақыт қалай тез өтеді, бізде де осындай үш адам бар», «Біз де үш келінбіз, енеміз солай атайтын еді жарықтық», «Әп-әдемі келіндер екенсіздер. Неге жыланға теңеп жатыр? Абысындар татулығы – үлкен байлық қой», «Қыздарыма сіздердей бақ бұйырсын. Жарың жақсы болса, өмір сүру жеңіл болады», «Абысындар әрқашан тату болсын!»-деді желі оқырмандары.

Бейнежазба отбасылық татулық пен қазақы дәстүрдің әдемі үлгісін көрсетіп, желіде кеңінен талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий