Атырауда адам сүйектері табылды: тексеріс басталды
Атырау облысының Жылыой ауданында адам сүйектерінің табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Politico.kz.
Сүйектер Құлсары қаласынан шамамен бір сағаттық жерде орналасқан Қаратон ауылы маңынан анықталған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалар мен алдын ала деректер бұл аумақтың бұрынғы жерлеу орындарына тиесілі болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Мамандардың болжамынша, табылған орын «ескі Қаратон» деп аталатын елді мекеннің аумағына кіреді. Бұл ауылдың тұрғындары 1990-жылдары толықтай көшірілген.
Қазіргі уақытта аталған аумақтың нақты шекарасы мен ондағы нысандардың жағдайы зерттеліп жатыр. Құлпытастардағы жазулар мен даталар бұл жердің кеңестік кезеңдегі ескі қорым болуы ықтимал екенін аңғартады.
Табылған адам сүйектері мен өзге де жәдігерлердің нақты қай уақытқа тиесілі екенін анықтау үшін арнайы сараптамалар жүргізілуі мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды