«Әдемі жарасамыз»: Назым Қызайбай өзіне Димаш Құдайберген хат жазып жүргенін айтты
3995
Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай өзіне Instagram арқылы танымал әнші Димаш Құдайберген хат жазып тұратынын айтты, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сільеме жасап.
Боксшы бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» бағдарламасында айтып берді.
Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетеді.
«Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә!?» - дейді Назым Қызайбай таңданысын жасырмай.Динара Сәтжан осы орайда екеуінің құрдас екенін, алайда Назымның бір жасқа үлкен болғаны қорқынышты емес екенін айтты.
«Қорқынышты емес. Одан да кішкентай балалар жазады», - дейді боксшы қыз.Сөзін жалғай отырып, жарыстарда жеңіске жеткенде Димаш Құдайбергеннен хат келіп тұратынын айтты.
«Димаш екеуіміз Instagram-да бір бірімізге тіркелгенбіз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жазып тұрамын. Ал оффлайн бізде қысқы Универсиада (2017 жыл) өткенде көріскенбіз», - деді Назым Қызайбай.
Соңғы жаңалықтар
20.07.2026
18:41
36 жылдық қателік: сәбиі ауысып кеткен екі отба...
20.07.2026
18:21
Психоаналитик: Күйеу деген — банкомат емес, ол ...
20.07.2026
17:05
Қазақстанның қатаң мәлімдемесінен кейін де КҚК ...
20.07.2026
17:00
Сәрсемәлиевтің сергелдеңі: Ақбаян Мұқанғалиева ...
20.07.2026
16:23
«Қазақмыс» «Жыланды» мен «Нұрқазған» кеніштерін...
20.07.2026
15:43
"20 жасқа толар еді": Ақын Серікзат Дүйсенғазы ...