Аида Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы пікір білдірді

Аида Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы пікір білдірді
30.05.2025 12:38
0
1636
Коллаж POLITICO.KZ
Аида Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы әңгімелерді "қатыгездік" деп атады

Аида Балаева Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы әңгімелерді «қатыгездік» деп атады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы уақытта тараған Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қайтыс болғаны туралы жалған ақпаратқа қатысты пікірсайыстарды «қатыгездік» деп бағалады. Министр бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

Ақорда кулуарында журналистердің тиісті сұрағына жауап берген Балаева, ем қабылдап жатқан адамға қатысты мұндай әрекеттердің «өте қатыгездік» екенін жеткізді.

«Бұл жеке өмірге қатысты болғандықтан, нақты мәліметтерді білмеймін. Әлі күнге дейін оның тірі ме, әлде жоқ па дегенді талқылап жатқанымыз – өте қатыгездік. Егер бірдеңе болатын болса, бұған дейін баспасөз хатшысы Ұқыбаев жасағандай, ресми түсініктеме беріледі», – деді Аида Балаева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий