Әкім Шарын шатқалындағы көпірдің жобасына қатысты пікір білдірді

Әкім Шарын шатқалындағы көпірдің жобасына қатысты пікір білдірді
13.12.2024 15:51
0
246
Ашық дереккөз
Алматы облысының әкімі Шарын көпірінің ерекшеліктерін түсіндірді

Шарын шатқалында салынатын шыны көпірде арнайы эффектілер болмайды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әкімнің айтуынша, көпір құрылысы келесі жылы басталып, екі жыл ішінде аяқталады. Жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Журналистердің Қытайдағы көпірлерде қолданылатын "жарықтар эффектісі" туралы сұрағына Сұлтанғазиев былай деп жауап берді:
"Біз презентацияны көрдік, онда ондай арнайы әсерлер қарастырылмаған. Мүмкін, тек кейбір жерлерінде ғана болуы ықтимал. Инвестор инвестиция қайтарымдылығын ескере отырып, мұндай технологияларды әзірше пайдаланбайды. Болашақта осыған жетеміз деп ойлаймын".

Шыны көпірдің қауіпсіздігі мен технологиялары туристер үшін тартымды болмақ. Құрылыс барысы мен сапасы алдағы уақытта бақылауда болатыны хабарланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий