Әкімдер арасында бәсекелестік: Тоқаев тапсырмасын кім бірінші орындайды?

Әкімдер арасында бәсекелестік: Тоқаев тапсырмасын кім бірінші орындайды?
16.10.2025 13:53
0
38

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда инвестиция тақырыбына кеңінен тоқталды. Саланың сәні кетіп, құлдырап бара жатқанын айтты. Сол үшін енді әр әкім өз аймағына инвестиция тартуға кіріссін деп тапсырма берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ИНВЕСТИЦИЯҒА ТАЛАС

Инвестиция – өңір дамуының өзегі. Көзін тапқанға таптырмас қаржы құралы. Сол қаруды қолданатын мүмкіндік арнайы экономикалық аймақтарға берілді. Бірақ қажетті инвестор тартуға икемі келмеді. Президенттің сынына ұшырады. Енді оларды басқару шетелдік компанияға берілуі мүмкін. Өңірді өркендетуге өресі жетпегеннің бірі әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациялар. Мемлекеттен қыруар қаржы алып күткен үмітті ақтамады. 

Мысалы қаржыны бергеннен кейін кәсіпкер оны 3 жылдың ішінде не болмаса 7 жылдың ішінде үкіметке құйып, анау өзі жалып жатқан объектіні жекеменшікке алу керек. Көбісі алмайды. Жұмысты бастайды, жарты жолдан не болмаса не болмаса аяғына жеткізбей тасап кетеді. Қайтадан қаржысын талап етеді, - дейді Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов. 

Ерболат Саурықов - депутат қана емес, Жамбыл облысына белгілі бизнесмен. Саурықовтың өзі де корпарацияның кәсіпкерлерге келтіретін кедергісін көп көрген. 

Жамбыл облысында да соңғы 5 жылдың ішінде қаншама кәсіпкер осы «СПК Тараз» деген мекемемен келісімшарт жасады. Қаржысын алды, оның біразын игерді, жарты жолда көбісі тастап кетті. Соның ішінде толық аяқтағандар шамалы ғана адамдар. Мен өзім де сол «СПК Таразбен» жұмыс істеуге белсенді болдым. Бірақ олардың қойып отырған талаптары, жинайтын құжаттары жай қарапайым шаруаларға үнемі кедергі жасап отырады, - деді депутат.

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының орталық директоры Ғали Дінмұхаммедтің пікірінше, енді әкімдердің арасында шынайы «инвестициялық жарыс» басталады. Өңірдің мүмкіндігін өздерінен артық білетін ешкім жоқ. Мәселе – сол мүмкіндікті қалай сатуды білуде.

Әкімдерідң арасында инвестиция тарту бойынша жарыс басталады. Себебі жергілікті атқарушы органдардан басқа өңірлерідң ерекшеліктерін ешкім білмейді. Мысалы БҚО мұнайдың ерекшеліктері бар. ШҚО металдар болуы мүмкін. Екі жақты бірлемсіп жұмыс істегеннің арқасында иневсторларды тарту мүмкіндігі жоғарылай бастайды, - дейді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының орталық директоры Ғали Дінмұхаммед. 

Қазір әлемде инвестиция үшін бәсеке жоғары. Сондықтан жарыс жолында алдыңғы қатардан көрінудің тиімді тетігін табу маңызды міндет. Олай болмаса, қыспаққа алған инфляцияның салдары айрықша сезіліп тұр.

БӘСЕКЕ ҮЛКЕН, УАҚЫТ АЗ

Қазір әлемде инвестиция үшін күрес қызу жүріп жатыр. Әр ел, әр аймақ инвестор үшін тартысқа түсіп отыр. Біздікілердің қолында ресурс бар, бірақ оны ұсынуда сылбыр. Инфрақұрылым – басты кедергі. Әлі күнге дейін жолы жоқ, жарығы жоқ аймаққа кім келеді? Ал әкімдер тек презентация жасап, инвестордың көзін алдаймыз деп ойласа – қателеседі.

Президент бос уәдені емес, бос жерді инвестицияға айналдыратын әкімді қалайды. Бұл – ел экономикасы үшін өмірлік маңызы бар қадам. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий