Әкімдік: Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасына» енгізілген жоқ

Әкімдік: Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасына» енгізілген жоқ
06.10.2025 15:04
0
188

Әкімдік Нүкеноваға арналған тақтаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады POLITICO.KZ.

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалына енгізілгені туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде оның есімі Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалардың пантеонына енгізілгені туралы жазған болатын.

Әкімдіктің мәліметінше, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта меценаттың жеке бастамасымен орнатылған. Ол Қостанай облысындағы туристік кешеннің аумағында орналасқан жекеменшік ғимараттың ішінде тұр және ресми «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалына еш қатысы жоқ. Меценаттың бастамасымен бұл жеке ғимаратта тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған бірнеше ондаған тақта орнатылған, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта да солардың қатарында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий