Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайын жақтап шықты

07.01.2026 21:49 Берік Арманов Берік Арманов
Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайын жақтап шықты
0
315

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жары Ляйсира Марат режиссер Ақан Сатаевтың экс-жұбайы Назира Бақаеваның ашық түрде қоғам алдына шығуын қолдап, оны сынағандарға жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Ляйсира Марат әйелдердің көп жағдайда үнсіз қалуға мәжбүр болатынын айтып, мұндай әңгімелердің дәл қазір айтылуы – табиғи әрі заңды құбылыс екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл – бір сәттік шешім емес, ұзақ ішкі күрестің нәтижесі.

Айта кетейік, Назира Бақаеваның сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде сын пікірлер көбейіп, «неге дәл қазір сөйледі», «бұрынғы жұбайының жаңа отбасы бар кезде бұл қажет пе» деген сауалдар қойылған. Алайда Ляйсира Марат бұл көзқараспен келіспейтінін ашық жазды.

Оның айтуынша, Назира Бақаева мұндай қадамға бір күнде келген жоқ, керісінше, жылдар бойы жан жарасын еңсеріп, өзіне және өміріне жауап іздеген.

«Меніңше, Назира осы уақыт ішінде үлкен рухани жолдан өтті. Оның әр сөзінен терең сезім байқалады. Ол ұмыт қалуға мәжбүр болған ішкі құрсауды бұзып, өзіне мұқтаж жандарға жол ашты. Біз бармыз. Біз аман қалдық. Демек, бұл – жарық пен махаббатқа толы екінші өмір», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ляйсира Марат әйелдің басынан өткенін айтуы ешқашан «біреудің тыныштығын бұзу» ретінде бағаланбауы тиіс екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай оқиғалар – жеке есеп айырысу емес, көптеген әйелдерге ортақ тәжірибе.

Жазбасында ол өзге де тағдырларды мысалға келтірді. Атап айтқанда, актриса Альмира Тұрсынның бұрынғы жұбайы Артурмен таныс болғанын айтып, оның отбасылық кезеңін еске алды. Сонымен қатар кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың экс-жұбайы Жаннаның бастан өткерген ауыр жылдарын да атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий