Алакөлде 22 жастағы жігіт жоғалып кетті
836
Алакөлдегі Ақши ауылында ата-анасымен бірге демалып жүрген 22 жастағы Мұхаммедәлі Есімовтің жоғалғанына үшінші тәулік болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, оның жоғалуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, сүңгуірлерден құралған іздеу тобы, еріктілер қатысып жатыр. Сондай-ақ іздеуге ұшқышсыз ұшу аппараттары да жұмылдырылған.
Мұхаммедәлі жоғалар кезде үстіне қою сұр түсті спорттық жеңсіз жейде, ашық неон түсті шолақ шалбар және ашық жасыл түсті кроссовка киген.
Полиция өңір тұрғындары мен демалушылардан жігіттің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
22:05
Оралда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ...
12.10.2026
20:26
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы ...
12.10.2026
19:27
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі және Кор...
12.10.2026
18:05
Қазақстан Президенті мен Бельгия Королі БАҚ өкі...
12.10.2026
17:53
«Жаман жарнама болмайды»: Қазақстан елшісі «Бор...
12.10.2026
17:01
Түркияда туристік автобус эвакуатормен соқтығыс...