Алалаудың құрбаны болды деген Құрбанов та бір көлік мінді
6324
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Skoda Kodiaq көлігін сыйға тартты.
Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз, - деді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.Өз кезегінде спортшы да оларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Отандық компанияның жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мені әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады, - деді Нариман Құрбанов.Еске сала кетсек, қазақстандықтар Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлде алған Құрбановтың елеусіз қалғанына қынжылыс білдірген еді. Себебі күміс, қола медаль еншілеген өзге спортшылар Парижден елге орала салысымен кәсіпкерлер тарапынан бір-бір көлік мініп, сый-сияпатқа кенеліп жатқан болатын. Фото: Allur баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...
10.08.2026
18:48
Петропавл орталығында әйелдердің гигиеналық зат...
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...