Алаштанушы «Бетперде киген адамның» кім екенін жария етті

01.06.2026 13:07 Мөлдір ҚАЙНАР
Алаштанушы «Бетперде киген адамның» кім екенін жария етті
260
Фото: turkystan.kz

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы ел арасында қайырымдылық жасап жүрген бетперделі жігіттің кім болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ғалымның пікірінше, көпшілікке көмектесіп, әлеуметтік желілерде үлгі боларлық әрекеттерімен танылған бетперделі азаматтың артында әнші Димаш Құдайберген тұруы мүмкін.

«Қазір бетіне бетперде тағып, көзілдірік киіп, қайырымдылық жасап жүрген ұзын бойлы жігіт бар. Оның кім екенін іштей білетіндеймін. Меніңше, ол – Димаш Құдайберген. Әлде Димаштың атынан жүріп, осы істерді атқарып жүрген жақын достарының бірі болуы мүмкін. Бір қызығы, жұрттың көбі де солай ойлайды. Егер қателесіп жатсам, оған бола ешкім ренжімес деп ойлаймын», – деді Сұлтан Хан Аққұлы.

Cондай-ақ ол қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтың әрекетін жоғары бағалап, мұндай бастамалар қоғамға үлгі болуы керектігін айтты.

«Қалай болғанда да, бұл – халқымыздың жанашыр азаматы. Өзінің ғана жағдайын ойламай, өзгеге көмектесіп жүргені қуантады. Мұндай істер кейбір бай-бағландарға да өнеге болуы керек», – деді ғалым.

Войдите, чтобы оставить комментарий