«Алданып қалдым»: Жұлдыз Жауынбаева өткен өмірі туралы шындықты айтты
Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылатын сын-пікірлерге жауап беріп, өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, бірнеше жыл бұрын қиын жағдайға тап болып, жұмыссыз әрі баспанасыз қалған кезде алаяқтардың арбауына түсіп қалған.
«Мені "Орика" деп мазақтай беріңіздер. 2018 жылы гречка мен жуаны қуырып жеп, баспанасыз қалған кезім болды. Жұмыс іздеп, туыстарымнан ақша сұрап жүргенде де көп адамның сынына ұшырадым. Сол кезде адамдарға алданып, вебкамға кіріп кеттім. Кейін одан шыға алмай қалдым. Шантаж көрдім, тіпті таяқ жедім. Бұл туралы бір құрбыма айтқан едім, ол ақпаратты таратып жіберді. Содан бері осы мәселе үнемі алдымнан шығып келеді», – деп жазды ол.
Жауынбаева мұндай жағдайға өзі ғана емес, көптеген қазақ қызы тап болып жатқанын айтып, олардың үмітін үзбеуге шақырды.
«Мен сияқты қолдаусыз қалған қаншама қыз бар. Әлі күнге дейін шантажбен өмір сүріп, тапқан табысын сондай адамдарға беріп жүргендер жетерлік. Кейбірі шыдамай, өмірімен қоштасып та жатады. Мен сол қыздарға үміт оты болғым келеді. Айналаңдағы адамдар сенен теріс айналып, түрлі сөз айтса да, өз өміріңді қайта бастауға мүмкіндік бар екенін көрсеткім келеді», – деді блогер.
Сондай-ақ ол адамдарды біреуді айыптамас бұрын оның өмір жолы мен басынан өткен жағдайларын түсінуге шақырды.
«Бәріміз бұл өмірге сыналу үшін келдік. Ешкім өз баласының ертең кибербуллингке немесе алаяқтардың құрбаны болмайтынына кепілдік бере алмайды. Сондықтан біреуді сөкпес бұрын ойланып көрген жөн», – деп түйіндеді Жұлдыз Жауынбаева.
Соңғы жаңалықтар