ALEM жаңа әнінің жарыққа шығатынын мәлімдеді

ALEM жаңа әнінің жарыққа шығатынын мәлімдеді
25.05.2025 11:24
0
332
Фото: instagram.com/xcialem

Ninety One тобының мүшесі, ALEM лақап атымен танымал әнші Батырхан Мәліков Jibek Joly телеарнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасында сұхбат беріп, топтағы өзгерістер, балалық арманы және алдағы шығармашылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әнші топтың ішкі трансформациясы жайлы:

"Ой өзгереді. Уақыт өтеді. Біздің айтар хаттамамыз, месседжіміз өзгерген жоқ. Бәрі бұрынғыша – махаббат, табиғатқа, болмысқа, өз-өзіңе деген сүйіспеншілік жайлы", – деді.

Сұхбат барысында Батырхан балалық арманын қалай іске асырып жатқанын да ашық айтты. Ол өзін тану мен ішкі тыныштыққа жету үшін ұзақ ізденгенін, күнделікті оймен жұмыс істеу арқылы кішкентай армандарын жүзеге асыра бастағанын жеткізді.

"Сол кішкентай баланың басынан сипағым келді", – деді ALEM шын көңілімен.

Шығармашылық жоспарлары туралы сұраққа ол жаңа әннің маусымның 6-сы күні шығатынын айтты.

"Әннің аты – «Махаббат». Бұл әнді ұстап жүргеніме 2-3 жыл болды. Композиторы – Қытайда тұратын Тынысбек деген ағам. Әннің энергетикасы өте жоғары, сондықтан осы ән арқылы тыңдарманмен тағы да шынайы байланыс орнатқым келеді", – деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий