Әлеуметтік желідегі ҚҚС пен қымбатшылыққа қатысты талқылау толқының артында кім және не тұр?

08.01.2026 09:16 Берік Арманов Берік Арманов
Әлеуметтік желідегі ҚҚС пен қымбатшылыққа қатысты талқылау толқының артында кім және не тұр?
0
57
Фото: NoFake.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары бағаның өсуі мен қосылған құн салығының (ҚҚС) артуына қатысты өз байқаулары мен наразылық пікірлерін белсенді түрде бөлісіп жатыр. Алайда хейтпен қатар манипулятивті және агрессивті үндеулер де жиілей түсті. Мұндай жазбалардың көзі көбіне анонимді және фейк аккаунттар болып отыр, деп хабарлайды Politico.kz NoFake.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жылдық демалыстан кейін Threads пен TikTok-та бағаның өсуі қайтадан қызу талқылана бастады. Қолданушылар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы, шағын бизнеске түсетін салмақ, сондай-ақ жалақы деңгейі мен бағалардың сәйкессіздігі туралы жаппай пікір білдіруде. Осындай жарияланымдардың басым бөлігінде болып жатқан жағдайдың себебі ретінде жаңа Салық кодексі мен ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін көтерілуі аталады. Сонымен қатар көптеген посттарда баяндау стилі мен эмоциялық реңк бірдей. Бұл мұндай талқылау толқынының кездейсоқ пайда болмағанын аңғартады.

Мұндай жазбаларды жариялап жүрген аккаунттарға да назар аударуға болады. Көп жағдайда олар – жеке контенті жоқ, бұрын белсенділік танытпаған жаңа аккаунттар. Кейбір қолданушылар үшін бұл жазбалар алғашқы жарияланым болып отыр. Соған қарамастан, дәл осы посттар күтпеген жерден жоғары қамту жинай бастайды. Мысалы, create.dias аккаунты Threads желісінде үкіметтің отставкасы туралы алғашқы тредін жариялап, небәрі 19 сағаттың ішінде 11 мыңнан астам қаралым, шамамен мың лайк және жүзден аса пікір жинаған.

Кейбір аккаунттарда әлеуметтік маңызы бар тақырыптардағы ұқсас мәтіндер тұрақты түрде жарияланып отырады. Мұнда аудиторияның реакциясы қалай өзгеретіні анық байқалады. Бұған дейін жеке немесе коммерциялық жазбалар аса назар аудартпаған болса, ҚҚС-қа байланысты бағаның өсуі және жалақы деңгейіне қатысты шағымдар кенеттен мыңдаған қаралым мен жүздеген пікір жинай бастаған.

Осындай үрдіс asellmoon1234 аккаунтында да байқалады. Автор алғашқы тредін өткен жылдың тамыз айында жариялап, үкіметке бағаның өсуі туралы сұрақ қойған. Бұл жазба 4 мыңнан астам лайк жинаған, ал жеке сипаттағы посттары көпшіліктің назарынан тыс қалған. Содан бері қолданушы тауар бағасының қымбаттауы мен медицина қызметкерлерінің төмен жалақысы тақырыптарына үнемі оралып отырады. Оның тредтерінде мұндай жарияланымдар тұрақты түрде жоғары қызығушылық тудыратыны байқалады. Соңғы пост та бұдан тыс қалған жоқ.

Өмір сапасына қатысты шағым жазылған посттардың тағы бір ортақ белгісі бар. Онда бағаның өсуі әлдеқашан болған, даусыз факт ретінде беріледі. Алайда авторлар нақты деректер мен дәлелдер келтірмейді. Фото немесе видео тіркелген күннің өзінде, өткен айдағы бағамен салыстыру жасалмайды. Нәтижесінде мұндай тұжырымдар расталмай қалады.

Бұл жерде негізгі ұғымдарды әдейі алмастыру байқалады. Салық реформасын талқылау нақты, бірақ бытыраңқы баға ауытқуларымен араластырылады. Себеп-салдарына қарамастан, кез келген қымбаттау автоматты түрде ҚҚС-қа телінеді. Ал қоғамдық кеңістікте басқа ықтимал факторлар мүлде ескерусіз қалады.

Ең алаңдататыны — мұндай жарияланым авторлары халықтың көңіл күйімен әдейі ойнайды. ҚҚС-тың 16% болуы аясында олар жағдайды әдейі ушықтырады. Салықтағы өзгерістер экономикалық тақырып ретінде емес, өмір сүруге және қоғамдық тұрақтылыққа төнген қауіп ретінде көрсетіледі. Мәтіндерде өткендегі дағдарысты кезеңдердің қайталануы туралы ишаралар жиі айтылады. Оқырманды біртіндеп «шығудың жалғыз жолы – наразылық» деген ойға жетелейді. Негізінде, мұндай посттардың авторлары адамдарды эмоцияға беріліп, қоғамдық толқулар мен тәртіпсіздіктерге итермелеуге тырысады.

Жалпы алғанда, көрініс айқын: соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі белсенділіктің едәуір бөлігі жасанды манипуляцияның нәтижесі болып, анонимді және фейк аккаунттар арқылы қолдау тапқан.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий