Әлеуметтік эксперимент: Алматылық жігіт 12 жастағы қызға қырындаған
443
Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқанының белсенділері әлеуметтік эксперимент жүргізді. Кәмелет жасына толған белсенді танымал мессенджерде профиль құрып, жасын 12 деп белгіледі. Кішкентай қыз бірден бірнеше жаңа таныстар тапты. Олар баланың жасынан қысылмады. Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде әлеуетті азғындар белсеніп, пасық ұсыныстарын жаза бастады. Ең табандысы өзін «Нариман» деп таныстырған жас жігіт болды. Ол балаға жыныстық қатынасты ашық түрде ұсына бастады. Қыздың абдырап, бұл не деген сауалына Нариман: «Сен төсекке жатасың, қалғанын сол кезде көрсетемін», – деп жауап берді. Жас мәселесі педофилді алаңдатпады да. Хабарламада ол: «Мен жай ғана жыныстық қатынасқа түссем болғаны, тіпті сен 2 айлық болсаң да, сенен бас тартпаймын», - деді.
Әлеуетті азғын Астана қаласының тұрғыны 24 жастағы Нариман Б. болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы өз дегенінен қайтпай, кездесуді ұсынды. «124» белсенділері оған бұл кездесуді ұйымдастырып берді. Педофил кинорумда кездесуді шешті. Алайда, оны көруге 12 жасар баланың орнына бірнеше ондаған Жаңа адамдар белсенділері келді. Педофил «қарабет дәлізінен» өтуге мәжбүр болды, ал қоғамдық жаза ретінде кеңінен танымал резеңке бұйым астында қалды.
Белсенділердің орнында шын кішкентай бала болса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 124-бап – «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» туралы қамтиды. «124» азаматтық науқанының белсенділері балалардың қауіпсіздігі үшін әлеуетті педофилдерді анықтап, олардың есімдерін жария етуді жалғастырады. Кез келген азғын кездесуге көндіретін баланың орнына резеңке бұйымдары бар, оның бетіне басуға қауқарлы, шымыр жігіттер келуі мүмкін екенін жақсылап есте сақтауы керек.
Соңғы жаңалықтар
20.07.2026
11:45
«Алып қашып кеттім»: әнші Айдар Тұрғамбек қала...
20.07.2026
10:36
Жігер Ауыпбаев пен жас әйелі тағы көптің ашуына...
20.07.2026
10:23
«Қазақстан Темір жолы» компаниясының жаңа басшы...
20.07.2026
09:24
Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа ...
20.07.2026
09:11
Алматы облысында 26 жастағы келіншек бес күннен...
19.07.2026
17:20
Талдықорғанда 14 жастағы қыз ашық жатқан құдыққ...