Алматы облысында автосалон қызметкерлері көз алдында жаңа көлікті ұрлап кетті (ВИДЕО)

Алматы облысында автосалон қызметкерлері көз алдында жаңа көлікті ұрлап кетті (ВИДЕО)
Видеоюан кадр

Алматы облысының Бесағаш ауылында автосалонның тұрағынан Changan CS55 Plus маркалы көлік ұрланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылмыс жасаған күдіктілерді бейнекамералар арқылы анықтап, ұстап, уақытша қамауға алды.Ұрланған көлік кейін Жетісай, Түркістан облысының аумағында табылды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция сондай-ақ ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу