Алматыда 70 жастағы спортшы тау жарысы кезінде көз жұмды
Алматыда өткен Salomon Trail тау жарысы кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов бақилық болды. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар «Экстремальная атлетика» тобы Instagram парақшасында хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушының жағдайы жарыс басталғаннан кейін-ақ нашарлап, бірнеше минуттың ішінде есінен танып қалған.
«Оқиға орнынан бірнеше минут ішінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп, алғашқы көмек көрсетті. Кейін зардап шеккен адам “Медеу” мұз айдыны кешеніндегі құтқару бөліміне жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – делінген ресми хабарламада.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Владимир Кривенцов — тәжірибелі спортшы, түрлі жарыстардың тұрақты қатысушысы болған. Жарысқа дейін ол медициналық тексеруден өтіп, денсаулығында спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдер болмаған.
Соңғы жаңалықтар





