Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш тақта орнатылды
Алматыдағы «Кеңсай» зиратында Асанәлі Әшімовтің бейітіне орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Рәсім бүгін, 10 қыркүйекте өтті. Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовке арналған ескерткіштің мүсінін белгілі мүсінші Гульфия Мендеш жасаған.
Ашылу рәсімінде актердің жары Бағдат Әшімова сөз сөйлеп, мүсінді жасау туралы ойдың қалай туғанын айтып берді.
«Басымды көтеріп, жан жағыма қарап, кімге айтам, кіммен ақылдасам деп, әйел, қыз баласы болғаннан кейін әр адамға жаутандай алмадым. Сондықтан да жүрегімді түсінеді ғой деп, мүсінші Гульфияға қолқа салдым. Күні түні ойланып, Гульфия бар махаббатымен мүсінін сомдап берді», – деді Бағдат Әшімова.
Белгілі актер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 2025 жылы 21 желтоқсанда 88 жасында дүние салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...