Алматыда бесінші қабаттан секірген әйел көз жұмды

Алматыда бесінші қабаттан секірген әйел көз жұмды
Фото: pixabay

Алматыда 38 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің алған жарақаттарынан көз жұмғанын растады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзіне қол жұмсаған. Белгілі болғандай, соңғы уақытта ол жеке өміріне байланысты ауыр эмоционалдық күйде жүрген.

Аталған факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу