Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасының бұрынғы және қазіргі полицейлері ұсталды
700
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп, қазіргі және бұрынғы полицейлерді ұстады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда құқық қорғау органдары арнайы тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың қатарында жазда ішкі тексеріс нәтижесінде жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкерлер де бар.
Журналистің дерегінше күдіктілердің барлығы бұрын бір бөлімшеде жұмыс істеген. Олар заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес саласына жауапты болған.
Бұған дейін Алматыда синтетикалық есірткі өндірушілерді қорғаған ұйымдасқан қылмыстық топ сотталған еді. Бұл топты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Асқар Жетегенов басқарған. Нәтижесінде ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластары да ұзақ мерзімге түрмеге қамалды.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...