Алматыда дүкендегі жанжал төбелеске ұласып, ер адам жараланды
1306
Алматының Түрксіб ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға салдарынан ер адамның кеуде тұсына үшкір зат тиген. Полиция мәліметінше, жанжалға екі ағайынды мен дүкен қызметкері қатысқан. Алдымен олардың арасында сөзге келіспеушілік туып, кейін жағдай төбелеске ұласқан.
Төбелес кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан жарақат алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды жедел түрде ұстап, полиция бөліміне жеткізген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция әр қатысушының әрекеті мен рөліне құқықтық баға берілетінін хабарлады.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...
06.10.2026
14:38
Ресей әскерінен қашып, Қазақстан шекарасын заңс...
06.10.2026
14:18
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметке...
06.10.2026
14:05
Салмағы тышқандай: әлемдегі ең ауыр жәндік қайт...