Алматыда нөсер кезінде арыққа құлаған ер адам қаза тапты
Алматыда ұзаққа созылған жауын-шашын кезінде қайғылы оқиға тіркелді: ер адам арыққа құлап, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде арықтан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған. Кей деректерде оны су ағысы құбырға тартып кеткені айтылған. Шақыртуға келген коммуналдық қызмет өкілдері бітелген жерді тазалау барысында қоқыс орнына адамның денесін анықтаған.
Полиция мәліметінше, ер адам алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...